03.09.2022
  112


Автор: Дихан Қамзабекұлы

ЖАМАН

Тура жолда қаңқулаған сөз жаман,
Тәрбиеге шыдамаған қыз жаман.
Махаббатсыз қырындаған қарамай,
Алабұртқан қырын қарап көз жаман.
Сырты бүтін, ішінде көп аласы,
Алаштан да жаман туған ез жаман,
Басы көп те, денеде жоқ ортақтық,
Өзімшілдік бауырлаған еп жаман,
Жарқырамай қараңғыда бықсыған,
Ұмытпайтын мұнар бұлтты көк жаман,
Парасатпен жұртқа жанын қиғанды,
Ұнатпаған сондайларды көп жаман.
Түзу, қисық айырылыспай тең жүрсе,
Ашылмаса аралары сол жаман.
Біреу білсе, білмеген тіл алмаса,
Табылмайды бұдан артық ең жаман.
10.05.1935 ж.





Пікір жазу