03.09.2022
  131


Автор: Дихан Қамзабекұлы

ӨМІР – ТАРТЫС

Өмір тартысы,
Жарым-жартысы,
Түгел тұра алмас,
Бесі менен алтысы.
Сөздің балшысы,
Тәйкесі мен алшысы.
Қабыспайды пікірге,
Аң аулайтын аңшысы.
Босқа қалған,
Аулаған аңнан.
Қыбырлаған жаннан,
Біріне тамбай тамшысы.
Қалтам тесік,
Жұмсақ-ақ бесік,
Бірдей-ақ десіп,
Күшті айқай даңшысы.
Несіне мәз боп,
Қысы мен жаз көп.
Тағы алдыңнан табылар,
Қолда ұстаулы қамшысы.
Ойылған жара,
Дәруін ала,
Табиғи және,
Дауа табар майшысы.
Сыртым түтін,
Ішім бос.
Бүкіл әлем сияды,
Жабуы даяр жамшысы.
Айнаны көрмек,
Арман жоқ өлмек,
Бәрі түгел сүгірет,
Біле алмайсың қайсысы.
Өмірде өмір,
Өрге өрмелер,
Өмірде қалмай,
Ақырда бір тереңдер.
Ә.
01.03.1935 ж.





Пікір жазу