Муза бізге көз жасын жетті бұлап...
Муза бізге көз жасын жетті бұлап.
Бастауы оның Гомердей текті бұлақ–
Одан бұрын бір ақын болған еді,
Оны адамзат ұмытып кетті, бірақ.
Ол– ТҮРКІ еді.
Жасаған одан да әрмән.
Бекзат еді,
(Біз емес боданданған).
Ат үстінен шолатын адамзатты,
«пегас» дейтін ұғым бар соданқалған.
Каган еді,
Болмысы, бітімі – нұр.
Домбыра да – үкілі,
Үкілі– жыр.
«Алтын киімді адам» -ға таң қалмаймын–
Сол кісінің заңды тұқымы– бұл.
Шақырмайтын шабытын шатып елес–
Қаған болғанқаһарлы–
Қатын емес!
Бұл түркінің түбінде бір заң бар:
Батыр бола алмаса–
Ақын емес!
Ақын бола алмаса–
Батыр емес!!!
Ол да өлді!
Есе алып дүние– боқ,
Пегас көкке кетті ұшып күйіне кеп:
Қағандық пен ақындық қаққа айрылып,
Кетті екеуі–
Екі ұдай дүние боп…
Кетті соның соңынан шұбап бәрі,
Тектілік те суалды, бұлақ тағы:
Қаған біткен жек көріп ақындарын,
Ақындар да Қағанын ұнатпады.
Елқамында жүргенде, жолқамында,
Ақын-батыр егіз-ді олқауымда.
… Әлі күнге Пегастың жан ұшырған
Дауысы тұр
Қазтуған толғауында.
Муза бізге көз жасын жетті бұлап,
Бастауы оның Гомердей текті бұлақ.
Одан бұрын бір ақын болған…
Оны Қалай мына ел ұмытып кетті, бірақ?!