Азаттық
(П.Эльюардың әуенімен)
О, Азаттық!
Көгілдір көктің жиектерінде де,
Қорқыт-қобыздың тиектерінде де,
Қара жерде осықабірі қалмаған
Мағжандардың сүйектерінде де, --
Жазулы Сенің жырларың.
Аэропорттар мен гавандарыма да,
Запыранқұсқан замандарыма да,
Қыршындарымды қырып тастаған–
Азалы анау алаңдарыңа да.–
Жазармын Сенің жырыңды!
Молалар мен мазарыңа да,
Қасіреттен туғанғазалыма да,
Қазақтың басын саудаға салған
Қаптағанқара базарыңа да, --
Жазармын Сенің жырыңды!
Оңқолыма да, солқолыма да,
Асфальтһәм айдау жолдарыңа да,
Қытайдың ұлықорғанына да,
Орыстың жасыл орманына да,
Нефедовтардыңқалтасындағы,
Қапшығындағы долларына да,--
Жазармын Сенің жырыңды!
Жасындар жауған сөз өткеліңе де,
Ғасырдың соңғы мезеттеріне де,
Алаштың басын арбаған апиын–
Транзит-секс газеттеріе де, --
Жазармын Сенің Жырыңды!
Шалқар жерімнің шалғайына да,
Толысып тұрған тал-қайыңға да,
Әкімдеріңнің креслосына да,
Ақындарыңның таңдайына да;
Жұлдыздарымның сәулесіне де,
Ұл- қыздарымның маңдайына да,
Жазармын Сенің жырыңды!
Далама, таудың жартасына да,
Каспийге, Арал, Балқашыма да,
Дүрліккен мұхит толқындарымен,
Дүниенің саяси картасына да–
Жазармын Сенің жырыңды!
Ақ жүрегімді арыма қарып,
Жаһанды күллі жаныма алып, --
Алдыма алып, аппақ қағазды,
Қаламды қызыл қаныма малып, --
Жазармын Сенің жырыңды!