03.09.2022
93
СҮЙІНДІМ
Жаңа талап жастарыма сүйіндім,
Бытырап қалған жиылмады жұмысым.
Қабат-қабат қалың тонды лақтырып,
Бойыма шақ қамқа тонын киіндім.
Ағып жатқан қарық болмай дарияға,
Бойды күтіп буындым да түйіндім.
Тілек тілеп келешектік өмірге,
Пролетариат аруағына сыйындым.
Лай судан тазаланып пәктеніп,
Ағын суға мөлдіреген құйылдым.
Қайыспайтын емен едім бүгілмес,
Табиғатқа басымды ұрып, иілдім.
Жүйрік кетті, бұйрық кетті бетімен,
Солар үшін бұрын неге қиылдым.
Қаламгерлік жазу ретін үйренген,
Жаңа талап жастарыма сүйіндім.
Жұманұлы Әбілда
24.03.1933 ж.