03.09.2022
  111


Автор: Дихан Қамзабекұлы

ҚУАНДЫМ

Таң атқанын анық көріп қуандым,
Сәулесіне жарқыраған жұбандым.
Қараңғыда қармалап ем жол таппай,
Адастырған қалың мұнар тұманның.
Еңіреп ем етек толып жылаудан,
Жарық көріп жас баладай уандым.
Ынтық боп ем бір сәулені көруге,
Жаңа қанды ішпей-жемей құмарым.
Мендей болма босқа өткізген өмірді,
Ұйықтамаңдар жас өспірім шынарым.
«Ұлытты қой, тап баласы болыңдар»,
Қаһармандай қайратты бол, ұлдарым.
Мәдени жұрт қалай кетіп барады,
Сенде байқа солар жүрген жолдарын,
Сағат тұрсын минутына секунтпен,
Босамысын қаламыңнан қолдарың.
Жеткіншектер, сені көріп жұбандым,
Жарық көріп жас баладай уандым.
Қараңғыда қармансам да жол таппай,
Таң атқанын анық көріп қуандым.
Жұманұлы Әбілда
18.03.1933 ж.





Пікір жазу