03.09.2022
  160


Автор: Дихан Қамзабекұлы

АНЫҚ ДОС

Анық дос,
Көңіл қош,
Күнде бірдей ажары,
Іші біліп,
Шу мен күліп,
Қызық тағат базары.
Сырыңды біліп,
Ішіңе кіріп,
Белгілі достық назары,
Айтпаған сыр жоқ,
Білмеген тіл жоқ,
Бөтен ой жоқ табары.
Жаны құрбан,
Уағдада тұрған,
Мықты басқан табаны,
Кәдір білмес,
Өзіңмен күндес,
Ағайынның жаманы.
Айтсаң ұқпас,
Сырда шықпас,
Жабының туған шабаны.
Пайдадан басқа,
Тойдырсаң асқа,
Өзінің керек аманы.
Жақсы достық,
Көңіл қоштық,
Екі досқа кәмалы.
Жұманұлы Әбілда
20.11.1933 ж.





Пікір жазу