03.09.2022
  84


Автор: Дихан Қамзабекұлы

ЕРТЕДЕ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ

Халық надан бұрынғы ата заманында,
Кең сахара жерлер мол аманында,
Сол күнде партияның жаласымен,
Езілген талай дұшпан табанында.
Ойлаған келешекті жан болмаған,
Қазақтың бұрынғы өткен заманында.
Сары қазы сапырулы қымыз бенен,
Ғұмыр өткен қызыл өңеш тамағында.
Дау-жаңжал, ұрлық, өсек қағыстырып,
Қалмаған екі дүние қамалында,
Өлгенің сенің жаңа мен көрдім деп,
Тыңдамаған халал мен хармында.
Жұманұлы Әбілда
19.11.1933 ж.





Пікір жазу