03.09.2022
  99


Автор: Дихан Қамзабекұлы

АДАМ СЫНДАРЫ

Асылбек Сейітовке
Бір екі, үш ай шапты дағы басылды,
Шорман биге берік сыйға асылды.
2
Мұсылманбек Сейітовке
Мұрты тіп-тік Мұсылманбек судья,
Ну, конечно, очень лестно ну и я.
3
Аспандияр Шормановқа
Аспандияр граф Диуар қайдасың,
Баю-баю поздравляю, мещанин.
4
Шайбай Аймановқа
Шайбай, Шайбай! Қайда, ойбай, Гүлайман,
Шоң Шорман-дүр, Сен құрбандүр, жылаймын.
5
Мұхтар Саматовқа
Құрайд-құрайд наркомпрод Саматов,
Азық-түлік жина мүлік жанатып.
6
Біркей Айбасовқа
Біркей-біркей, шыбын-шіркей молада,
Деп мен мұнда анда-санда жылама.
7
?.. (шашы бұйра болса керек-Құр.)
Ес-ес-ес, шын есерім, қаңбағым,
Шашы – Радек, басы – Рыков, салпағым.
8
Жұмағали Тілеулинге
Көкшетаулық, денге саулық, ақ жаулық,
Жерді шарлап, жыладым зарлап, Ғали жоқ.
9
Смағұл Қазыбековке
Қазыбегім, қазақ елін озайын,
Пошел-пошел, я сам дошел, чем своим.
10
Жүсіпбек Аймауытовқа
Мұхтар Әуезовке
Жүсіп жарқын, «а» деп қарқын жат еді-ау,
Жас бала емес, астында ағаш ат еді-ау.
Қазір Жүсіп артын қысып, қашып па,
Мұхтар-Мұхтар ол да тоқтар асықпа.
11
Сәкен Сейфуллинге
Фулин Сәкең, кекең-кекең футурист,
Бал ақымақ, қожа тақ-тақ басын кес.
12
Нәзір Төреқұловқа
Жас маркісшіл, тағы бір жыл Төреқұл,
Янапына нәзірімізді қабыл қыл.
13
Қайретдин Болғанбаевқа
Бортаң бала, торы қара, кәрі тай,
Бір теңі жоқ, бір кемі жоқ, болған бай.
14
Сатылған Сабатаевқа
Хотеть қылып-қылып, қылып сатылған,
Сол Сатылған бос шатылған, атылған.
15
Мұсылманбек Мейрамовқа
Арақ та жоқ, қарақ та жоқ, мейрам жоқ,
Кетті қаңғып, басы даң боп дөңгелеп.
16
Жәнібек Жанұзақовқа
Әстек, естек қатын өсек Жәнібек,
Мылтық оғы, шілдің боғы Жанұзақ.
17
Әбдірахман Байділдинге
Чик-чик-чик, колокольчик, динь-динь-динь,
Сылдыр-сылдыр, былдыр-былдыр Байдильдин
18
Мұхамеджан Бейсеновке,
Асхат Сейдалинге
Көкек, көкек мініп есек идейный
Асқат, Асқат, үйіңе жат, ереймей.
19
Тел Жаманмұрыновқа
Жаны жамау, таңқы танау Тел қайда?
Елді жесе, «шілмін» десе, сол пайда.
20
Иса Қашқынбаевқа
Шірік сиса, доктор Иса, Қашқынбай,
Іздеп мола, сен біржола қаштың ба-ай?
21
Бақытжан Қаратаевқа
Сүйген айым, Қаратайым бақытсыз,
Жүріп кешке, арақ іш те, жаз арыз.
22
Сейітқали Меңдешовке
Қазақстан, салдатстан, тар балақ,
Құжынаған құрт, быжынаған бит сорғалап.
23
Әлихан Бөкейхановқа
Ел ағасы, қыр баласы, уә, бәли,
Ары жетер, бері жетер ер Ғали
Жұмабайұлы Мағжаннан
(Қолжазбаның 69-беті жоғалған екен... – Құр.)





Пікір жазу