meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.09.2022
  112


Автор: Дихан Қамзабекұлы

ТҰРМЫСТЫ КӨТЕРЕ АЛМАУШЫЛЫҚ

Не пайда мал жинаудан қарызданып,
Мойныңда борыш қалар, парызданып.
Жыл сайын өтемесең кірін беріп,
Шықпайды мал тазарып, нағызданып.
Біреуге шет пұшпақтай дәулет бітсе,
Содағы байсынады маңызданып.
Адамсып, шарланғансып, шартияды,
Тоқ санап өзін-өзі тоғызданып.
Секілді қортық қошқар шартық қалған,
Борбайы шайырланып, сағызданып!
22.10.1932 ж.





Пікір жазу