03.09.2022
110
ӨЗІН СУРЕТТЕУ
Қызығын көрдім жақсы дегендердің,
Жарадым мәжілісіне талай ердің.
Жем іздеп шалықтаған біз бір лашын,
Ынтығып сұқсырына әрбір елдің.
Ілмекке қанат жайып қамданамын,
Ақ мамық қуын көрсем айдын көлдің.
Сайраған Бағираның бұлбұлымын,
Қанатсын қауыздарлық қызыл гүлдің.
08.10.1932 ж.