03.09.2022
87
ЖІГІТТІК
Жігіттік, сенің де өкпең бар ма менде,
Жүрмін ғой қызметіңде болып пенде.
Жасыма жиырма бестей келгенімше,
Бей қамқор, халық үстінде аузың – жемде.
Бей әуре, сағымды – ат қып, сияны – үй ғып,
Ойнарқы орда еткіздің әрбір елді.
Есерлік соңынан ерген жын-сотқарым,
Қалыңдар мұнан былай менен енді.
Бір сенің әуреңменен көп шалқыдым,
Риза боп бұл сыйыңмен көңіліңді емде.
01.10.1932 ж