ӨЗІ ТУРАЛЫ
Жігітсің жасың биыл жиырма бесте,
Не дәурен сүргендердің бәрін істе.
Ес кіріп, ақыл ене бастағаннан,
Оқиғаң болған шығар үлкен десте.
Кір қасық мінез болса еткіл мәнсұф,
Езгулік хаққа жағар ғамал кесте.
Сындарлы бой, сымбатты сұлудаймын,
Жалғыз-ақ жаным жауһар, жаным іште.
Ғылыммен тәнімді алтын булағандай,
Пар келмес асылыма саф күмісте.
Сиғандай дүние жиһан ішім сарай,
Қазынам бекітулы кілтім тісте.
Інжудей ішім толған асыл бұйым,
Алып қал керектерің аузын шеште.
Нық сауыт қалта камал ми шаралы,
Қарасаң фаһұм да жүр әр білісте.
Шекердей тамсанарлық лебізім лаззат,
Тілім – біз, көңілім – жібек, сөзім – кесте,
Арқауы оқа-зермен нақыштанған.
Ханышаның өрмегіндей өрген іште.
Әзелден келген мүшем өзіме жұп,
Ынсан боп жаратылмас түгел мүше.
Ағзамды үңіле афзал нұр торлаған,
Жамылшы сыртым қоңыр фардам үсте.
Құбылып бұл жаста да пәлен есім,
Аз атақ ат қалып жүр әр үлесте.
Бұлт бер деп жүргендер ед құмар болып,
Қалғам жоқ бір жанасбай өкініште.
Уа, пәни, бақи базар, бақыт, мәнсап,
Өмір тұр тілеп осы сәске түсте.
Әр сапар ағылалық құрмет беріп,
Тұрғызғай тәуекелге қолды күште.
Көшербайұлы Жұмағұлдан
27.9.1932 ж.