03.09.2022
262
ОЙ ДЕГЕН – У
Ой деген – у!
Ауызға алсаң қандырар,
Жанды есінен тандырар.
Ішсең мас боласың,
Ішесің де соласың.
Ой – бір теңіз!
Қап-қара боп тебіренер,
Толқынданар күңіренер.
Шетсіз, түпсіз тұңғиық,
Жан түседі жан қиып.
Ой улады!
Жаным ессіз, жаным мас,
Жүректе зар, көзде жас.
Көмір болды жүрегім,
Сарғаямын сөнемін.
Мағжаннан