03.09.2022
  114


Автор: Дихан Қамзабекұлы

ҚАЙҒЫЛАНБА ҚАМЫҒЫП

Қайғыланба қамығып,
Үнемі тұрмас бұл қайғың.
Қабағың түсіп жабығып,
Мұнша неге мұңайдың?
Әуесінде жастықтың,
Бақытсыз болған сорлы бас,
Көлеңкесі шаттықтың,
Түспей сірә бір қалмас.
Сап алтындай шағыңды,
Қайғыға салып жоғалттың.
Өзіңдей сорлы жарыңды,
Қу сүйектей қураттың.
Көзден аққан ащы жас,
Дария болып төгілген.
Сен дегенде бауырлас,
Қансыз болып көрінген.
Демалысың жанған от,
Өртеп жанып күйесің,
Жас басыңнан мұңды боп,
Қашан қызық көресің?
Кемеңгерұлы Қошмұхамбеттен
03.09.1932 ж.





Пікір жазу