03.09.2022
  107


Автор: Дихан Қамзабекұлы

СҮЙІКТІ СӘУЛЕМ

Сүйікті сәулем!
Мағыналы сөзбен,
Бойды еріттің балқыттың.
Қызарып жанып,
Сүйекті жарып,
От-жалынды шалқыттың.
Жұмақтан шыққан хор едің,
Еріксіз басым көн дедің.
Сүйікті жаным,
Бітті қаным,
Күні-түні сені ойлай.
Жалынды жүрек,
Бойды билеп,
Күйдіреді бір қоймай.
Соғып кетті самал жел,
Көңілге сап қайғы шер.
Сүйікті жолдасым,
Қорлықта басың,
Тағдырменен жұлыстың,
Мөлдір көзің,
Жұмсақ сөзің,
Сүйегіме сіңісті.
Кемеңгерұлы Қошмұхамбеттен
29.08.1932 ж.





Пікір жазу