03.09.2022
  73


Автор: Дихан Қамзабекұлы

Л... АЛБОМЫНА

Себеп не екен, бастап мені таптыңыз,
Альбомыңызды алдыма әкеп тарттыңыз.
Мен даярмын рахмет сізге, қарындас,
Ағаңызға көңілді бір іс арттыңыз.
Ай аппақ қой, сізге көңілім айдан ақ,
Сізге деген жүректе жоқ жалғыз геп.
Адал ниет ақ көңілімді бетке ұстап,
Ақылсымақ сөз айтасың азырақ.
Альбом-жүрек уақыты жетпей ашсаңыз,
Құлып салып берік бекітіп тастаңыз.
Ашылам деп аласұрар жас жүрек,
Белгілі іс, бірақ одан саспаңыз.
Альбом-жүрек тыныштықты қашырар,
Уақыты жетсе өзі-ақ бір күн ашылар.
Жүрек сыры белгілі ғой біраздан,
Желі тынып толқын да әлі басылар.
Альбом-жүрек көрінгенге бермеңіз,
Дос па, қас па бастан байқап тергеңіз.
Дос орнына қас кіргізіп жүрекке,
Бір күндерде өкініште жүрмеңіз.
Альбом жүрек жақын достар қолға алар,
Таза жүрек оны оқып толғанар.
Мен жазайын, мен оқиын деп алып,
Надан адам кетпес қара тап салар.
Альбом жүрек өзіңіз сақтап көріңіз,
Таза жүрек меруерттен теріңіз.
Ескерісіп жүру үшін өмірде,
Кәне, құрбым, қолыңызды беріңіз.
Мағжаннан
16.08.1932 ж





Пікір жазу