03.09.2022
  116


Автор: Дихан Қамзабекұлы

ЖЫЛАМАЙ ЖАС БАЛАҒА ЕМШЕК БЕРМЕС

Жыламай жас балаға емшек бермес,
Құрметті ізденбесең өзі келмес.
«Алма піс, ауызға түс» дегеніңе,
Қалқам-ау, ойласаңшы адам көнбес.
Майда бол, жігіт болсаң тал жібектей,
Жақсы емес қатты болу тікенектей.
Ғылымың ұшан теңіз болса-дағы,
Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей.
Көрген мен көрмегенде көп парық бар.
Ашылмас жігіт адам сыннан өтпей.
Ылайықсыз, ретсізге арандама,
Әр істің мазмұнына көзің жетпей.
Ғибрат ал жақсыларға жақын жүріп,
Қаша гөр жамандықтан аулақ шеттей.
Не нәрсе талаптансаң табылады,
Опа жоқ ер жігітке жапа шекпей.
Мисалы харекеттің сол секілді,
Алмайсың егін орып, тұқым сеппей.
Пайдаңды жақсы болсаң тигіз көпке,
Жатырқап еш адамды сыртқа теппей.
Кезінде кезең жердің қосылып қал,
Бәйгеге ұлы дүбір өткен көктей.
Мақсұты ғасыл болып ойындағы,
Илаһим ер тілегін қабыл еткей.
Тәуекел кемесіне мініп шыққан,
Ғылымың талапкерге нұрын төккей.
Аз біліп көпке ғашық болғандардың,
Лаззаты таңдайынан жүрген кетпей.
Қанағат көп бірем деп етпе өнерге,
Көре бер басқалардың азын көптей.
Жасыңда қалсаң мақрұм сан соғарсың,
Болмайды жаман нәрсе өкініштей.
Шалқайып үйде жатсаң дәнеме жоқ,
Сарып етіп ыждағатпен малын төкпей.
Таппасаң дертке дауа ғазизларым,
Қапасы жұрттың қалың ауыр дерттей.
Жұманұлы Әбілда
04.08.1932 ж.





Пікір жазу