03.09.2022
  108


Автор: Дихан Қамзабекұлы

БҰЛ ЖАЗҒАН ЗАМАНДАСҚА НАСИХАТЫМ

Бұл жазған замандасқа насихатым,
Емес дүр ыриядан ақ ниетім.
Көзі ашық, көңілі ояу інілерім,
Әртүрлі паһұм істен пайда алатын.
Базары жетер – ғылым ашылғанда,
Ылайық емес сізге құр қалатын.
Жан пида ғылым үшін малың тәрк ет,
Артылсын күн-күнсайын мағрипатың.
Пайда жоқ іс өткен соң бармақ шайнау,
Алып қал осындайда бар қажетің.
Алмасаң айтқан тілді ғазизларым,
Күн болар өкінішпен зарланатын.
Нанбасаң өздеріңіз ойлап қара,
Бұл айтқан болмас теріс далалатым.
Әлбатта, кеште болсаң қала бердің,
Барларың ұғарсыңдар парасатың.
Біреуден екеу абзал, екіден үш,
Қосылып әммаңыздың қарасатын.
Жүргенмен жеке-жеке іс бітпейді.
Байқасаң пікір етіп мұның парқын.
Ішінде темір тордың шынжырлаулы,
Жатқанын көрмейсің бе, қайран халқың,
Көп қуып қорқақ едік, батыр қылды,
Біздерге енді не бар аянатын.
Біз оның сатып алған құлы емеспіз.
Әркімді төбемізге шығаратын,
Болады егер заман деген осы,
Байқасаң, Алаш ұлы азаматым.
Жұманұлы Әбілда (1910)
28.07.1932 ж





Пікір жазу