03.09.2022
  128


Автор: Дихан Қамзабекұлы

ӨНЕРПАЗ ҚАРА ЖЕРГЕ САЛАР ҚАЙЫҚ

Өнерпаз қара жерге салар қайық,
Жаһаннан алар тағлым қанат жайып.
Әр жердің тамашасын көзбен көріп,
Жастықта етер сайран болып ғайып.
Тұрғанда бойда қуат жүрген жақсы,
Аяғың бір күн қылдан кетер тайып.
Басыңды тауға да соқ, тасқа да соқ,
Отырма бір орында құр мұңайып.
Жүргеннен тіпті қарап пайдалырақ,
Күнінде үйренсең де жалғыз харіп.
Тамшыдан тама берсе болар дария,
Кетпей ме ақырында бір молайып.
Қылжақтап екі ауылдың арасында,
Не пайда жүргеніңнен құр сорайып.
Бай болып өнер білсең тіпті жақсы,
Зор қару дәулетіңді бұл шақтарлық.
Тым артық кедей болсаң оқығаның,
Білгенге қиын емес кету байып.
Мағлұмсыз мал дәулетің әр уақытша,
Бүгін бай ғажап емес ертең ғаріп.
Дүниеде кедейлік жоқ өнерпазға,
Түседі лақатқа ақыр бір күн барып.
Мисалы надандықтың қараңғы күн,
Білгенге жүрген жердің бәрі жарық.
Бұларды айту бізден, есту сізден,
Мүбәдә сыны болса үлгі аларлық.
Қызына айтып, келініне тыңдатқандай,
Мағынасы көпке бірдей сөз шығардық.
Түсінер ишараға Лауһұалла да,
Пәлен деп түсін ашып не қылайық.
Дулатұлы Мержақыптан
19.07.1932 ж.





Пікір жазу