03.09.2022
  73


Автор: Дихан Қамзабекұлы

КӨРСЕМ

Қазақты бір күн санға кірген көрсем,
Қатарлас халықтармен жүрген көрсем.
Білдіріп дүниеде бар екенін,
Шетінен өнер-ғылым білген көрсем.
Жас бала, жаңа өспірім қатар-қатар,
Арқаға кітап қабын ілген көрсем.
Тізіліп ұлы-қызы тегісінен,
Ішіне медіресенің кірген көрсем.
«Білдің бе сабағыңды, сабақтас» деп,
Сөйлесіп, әзілдесіп күлген көрсем.
Азамат Алаш ұлы атағымен,
Ғылымның тұлпарына мінген көрсем.
Үйренген өнер-білім арқасында,
Рахатта дәурен сүріп жүрген көрсем.
Айтылған осылардың бәрін көріп,
Дариға, арманым жоқ сол күнде өлсем.
Дулатұлы Мержақыптан
22.06.1932 ж.





Пікір жазу