03.09.2022
  690


Автор: Дихан Қамзабекұлы

ӨНЕР-БІЛІМ

Өнер-білім бар жұрттар,
Тастан сарай салдырды.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Мың шақырым жерлерге,
Аты жоқ құр арбаны,
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды;
Мал істейтін жұмысты,
От пен суға түсірді.
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын іштірді.
Дүниені кезді жалықбай,
Білгендерге осылар,
Бәрі-дағы анықтай,
Білмегенге тантықтай,
Бізде бекер жатпалық.
Осылармен таныспай,
Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Желкілдеп шыққан көк шөптей,
Жаңа өспірім, достарым,
Қадырың кетті-ау алыстай.
Ұмтылыңдар қалыспай!...
Біз надан боп өсірдік,
Иектегі сақалды;
«Өнер – білім көркі» деп,
Ескермедік мақалды.
Біз болмасақ, сіз барсыз,
Үміт еткен, достарым.
Сендерге бердім батамды...
Алтынсарыұлы Ыбырайдан
04.06.1932 ж.





Пікір жазу