03.09.2022
  106


Автор: Дихан Қамзабекұлы

КӨҢІЛ – АЛТАУ, ОЙ – ЖЕТЕУ

Көңіл – алтау, ой – жетеу,
Келетұғын толғауға.
Айтып ақыл, көріп мақұл,
Халық кетті болжауға.
Мынау алыс, мынау жақын,
Жан табылмас қорғауға,
Көңіл жақын, пікір алыс,
Артын болмас ойлауға.
Үземін дер, түземін дер,
Халық құмар бос лауға.
Өзіне түзу, жұртты бұзу,
Қойдырып болмас зорлауға.
Білседағы, білмесе де,
Халық құмар қорлауға.
Шайтан болып ішке кіріп,
Жүрек басын тырнауға.
Қырғыға салып, күретіп алып,
Мүмкін емес сырлауға.
Жұманұлы Әбілда (1925)
30.05.1932 ж





Пікір жазу