03.09.2022
  158


Автор: Дихан Қамзабекұлы

ҚЫЗ ЖІБЕК ЖҰМБАҒЫ

Мысыр деген бір шаһар,
Ортасында қырық бұлақ.
Тоспадан тұлпар ұстадым,
Бұғалықсыз құр-құрлап.
Бәйбішені байға көндірдім,
Өтінішпен тұр-тұрлап.
Тамға таяқ сүйедім,
Отыз бес жерден сыр-сырлап.
Жиырма үйрек, жиырма қаз,
Күнде ұшады пыр-пырлап.
Бір лашын, бір тұйғын,
Ол ұшады сұңқылдап.


Шешуі:
Мысыр шаһар, Қыз Жібек,
Іште-тыста қырық бұлақ.
Бұлақ атын санауға,
Сөз болады көп шатақ.
Бәйбіше байға көнгені,
Камалатқа жеткен шақ.
Балалық дәурен өткен соң,
Сізге бір демек мирас хақ.
Отыз бес жерден сырлаған,
Таяғыңыз бұл жұмбақ.
Отыз бес буын сөзбенен,
Бітіргенің нақ па нақ.
Он саусақтың ішінде,
Отыз буын сүйек қой,
Аяқ-қолдың саусағын,
Жиырма қаз деп жорып қой.
Күнде ұшқаны бір лашын,
Мамыралық білек қой.
Лашын, тұйғын сұңқылдау,
Сөйлеген тіл мен жүрек қой.
Әр өнерге ұсталық,
Қолдан келер демек қой.
Он екі мүше саулығың,
Көз асықтық барлығың.
Осыдан білсек керек қой.
Мен шештім бе, кім шешті,
Шешен жанға тимек қой.
Шешушілер көбейсе,
Бәріне ортақ бір геб қой.
Серттен тайсаң,шырағым,
Өзіңе де көп жүк қой.
Қанжығалы Олжабайдан (Нұралыұлы)
10.05.1932 ж.





Пікір жазу