03.09.2022
  106


Автор: Қайрат Құлмұхаммед

ӘНДЕРІМІЗ АҚША БҰЛТТАН АРЫ АСҚАН

Іңкәр жұртым өнер менен білімге,
Тұлпарларым бәйгеден кел, сүрінбе.
Ел- жұрт пенен қауыштық-ау, бүгінде,
Қасиетті «Отан қорғау» күнінде.
Арманымыз көкжиектен ары асқан,
Әндеріміз асқар таумен таласқан.
Өнер кеші құтты болсын, туыстар!
Ұранымыз: «Достығымыз жарасқан».
Қуанамыз дала гүлі жайнаса,
Қуанамыз бақта бұлбұл сайраса.
Тіршіліктің бәрі бекер болмай ма?
Рухани ашаршылық жайласа.
Сөз мәйегі көкейімде тұр менің,
Уыз жырмен үміт отын үрледім.
Танысам да, танымасам да біргемін,
Ұлттық рухқа қызмет етсе кімде-кім!
Пәк көңілдер ой- санаға жиды нұр,
Ізгі тілек нөсер болып құйды жыр.
Жолың болсын өмір менен өнерде,
Сетер әнші Құрманбек пен Бибігүл.
Әлди әннен басталады жол басы,
Сөнбес сәуле жүрегіме орнашы!
Бұлбұлдардың миуа бағы секілді,
Рахмет, «Қазақ концерт» ордасы!
Маңдайымнан аймаласа жарқын леп,
Мерейімді үстем етті халқым кеп.
Рахмет, бал дауыстың бапкері:
Ән дүлдүлі Қоразбаев Алтынбек!
Ұлысыма бақыт құсы қонса екен,
Ұлтымыздың жаны нұрға толса екен.
Мінәжәтім қабыл болсын, әмин!
Қазағымның рухы биік болса екен!!!





Пікір жазу