03.09.2022
122

ҚҰРМАНБЕК ПЕН РИЗА
Құрманбек пен Риза, бақыттысың сен бүгін,
Өнеріңмен көтердің еміренген ел жүгін.
Әнге бөлеп әкелдің байтақ Қазақстанға,
Шетте жүрген қазақтың сағынышын, шер-мұңын.
Қазақ әнмен жалғаған көк пен жердің арасын,
Қазақ күймен тербеген ұлан- байтақ даласын.
Жаттың дауысы ұрпақтың уландырмай санасын,
Асыл рухы ұлтымның қан тамырға тарасын.
Өнер, білім мұхитта қатар жүзген қос кеме,
Біржан, Ақан бастаған іркіледі көш неге!?
Осы көштің жолынан адаспасақ болғаны,
Одан өзге біздерге қажет емес ештеңе!
Арманның ақ жолына мен барымды атадым,
Әбілхаят суындай дәм-тұзыңды татамын.
Туған елім, өнердің жампоздарын қолдай көр,
Сайын дала саңлағы, сәтті болсын сапарың!!!