03.09.2022
  104


Автор: Қайрат Құлмұхаммед

ЖАҚСЫЛЫҚ АҒА

(Көрнекті жазушы Жақсылық Сәмитұлының 70 жылдығына байланысты өткен еске алу кешіне орай)
Жетпіс жасқа толдың биыл нар тұлға,
Мол мұрағат қалды сенің артыңда.
Дүбірі мол дүниеден өттің сен,
Емен рухпен еңкеймеген қалпыңда.
Аға, аға, мақтанамын сенімен,
Алдың орын ой-санамның төрінен.
Тәрк етіп атақ, мәнсап барлығын,
Азат Қазақ еліне алғаш келіп ең!
Білем, аға, сен жүйріксің, білгірсің,
Деуші едің- ау, «әр кеудеде күн күлсін»
Асыл арман асықтырып жеткенде,
Талантыңды білді ме, жұрт кім білсін?
Бұйдагері болдың ұлы көштің де,
Құрғақ атақ іздемедің бес күнде.
Біреулерше мәртебелер дәметіп,
Зыр жүгіріп барған жоқсың ешкімге.
Баба жолын жаздың талай қан кешкен,
Тарпаң тарих өшпек емес мәңгі естен.
Жазуыңды жалғастыра бердің сен,
Көп сырласып қайсар досың Қабдешпен*
Масайраса байлығымен құр кеуде,
Таланттылар жүрді көне сүрлеуде,
Рас, кейде тұрмыс билеп сананы,
Қысқа жіптей жетпей тұрды- ау, күрмеуге.
Таланттылар танылатын жол алда,
Керуеніңді кер далаға доғарма.
Шынымен де өкпелеуге болмайды,
Ұлысы аз, ұрысы көп қоғамға!
Талант жайлы көп айтылар әңгімем,
Бағаланар мезгілі де бар білем.
Қаламгерлік жолына алғаш түскендер,
Жақсылықты оқып көрсін алдымен!!





Пікір жазу