03.09.2022
  209


Автор: Қайрат Құлмұхаммед

БАУЫРЛАРЫМ

Сақтаған таңдайына ауыл дәмін,
Тарлан дала тербетті тау ұлдарын.
Көтерген салмағымның ауыр жағын,
Жүрмісің есен-аман, бауырларым!
Көп болсын несібелер жиып-терген,
Алыңдар ақ батаны сүйікті елден.
Ақ еділ ағаң болып қуанайын,
Қол бұлғап тұрыңдаршы, биіктерден!
Разымын сендерге аға болғаныма,
Баптайын жүйрікті де, жорғаны да.
Қайда жүрсе сәт сапар болса екен деп,
Қараймын бауырлардың жолдарына.





Пікір жазу