03.09.2022
95
ЖАН ЖАРЫМ
Сен болмасаң бақытты табам қалай?
Сен болған соң жүремін алаңдамай.
Сәл ғана алыстасам маңайыңнан,
Жетемін құстай ұшып саған қарай.
Қайырмасы:
Көктемдей түрленейік,
Ұрпақтың қуанышын
Екеуміз бір көрейік.
Ұлағатты ұл- қызды өсіреміз,
Біз солай көркем өмір кешіреміз.
Тәңірден басқа байлық сұрамайық,
Қөп болсын көрер қызық, несібеміз.
Қайырмасы:
Көркейіп, гүлденейік,
Өмірдің бар қызығын
Ел-жұртпен бір көрейік.
Тіршілік көш-керуен сапар екен,
Өзендер, кезеңдерден қатар өтем.
Екеумізді тербетсін еркелетіп,
Бақыттың бесігі боп ата мекен.
Қайырмасы. 2 рет