03.09.2022
120
ДОСТАРМЕН СЫРЛАСУ
Достарым сені іздедім,
Жаныма нәр беретін лебіздерің.
Көрмесем сағындыңдар
Жанымнан табылдыңдар,
Қай-қашан мені жалғыз дегізбедің.
Қайырмасы:
Қуансам сүйінетін,
Мұңайсам күйінетін.
Достардан айналайын,
Құшайын, аймалайын!
Достықты сақтағандар,
Достығын адалдықпен ақтағандар.
Сендерден айналайын,
Самал боп аймалайын,
Жаралған жаны нұрдан жақсы адамдар.
Қайырмасы.
Достарға сыр ақтарам,
Арманның ақ жалауын құлатпаған.
Сендерсің аңсағаным
Сағынып ән саламын,
Сәттерде өздеріңнен жырақтаған.
Қайырмасы. 2 рет