03.09.2022
75
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-09-02-01-10-53.png)
ТҮЙІН
Асқақтатам отты жыр, толымды әнді,
Даңғыл болсын ендігі жолым мәңгі!
Аруағыңа дұға оқып қайтсам деген
Ұлы арманым кешікпей орындалды.
Күмбезіңе бардым да, құлақ түрдім,
Білем баба, бейіште пырақ міндің.
Қабіріңді сүйіп мен жылап тұрдым.
Жолымнан адастырмай апаратын,
Анау Ташкент қаласын шырақ қылдым.
Алатаудың көз салса шың-құзына,
Қарамайды сен бе деп, кім қызыға?
Ырымдап қабіріңнің түйір тасын,
Белгі етіп қададым ұл-қызыма.