03.09.2022
  233


Автор: Жанат Әскербекқызы

Есіл

Есіл мынау – сылаң қаққан,
Толқынында нұр аунатқан.
Еркелеген самал желге
Елжіреумен сыр аулатқан.
Есіл мынау – тұнып аққан,
Ерек көркін Күн ұнатқан,
Оятады сазды әуенмен,
Шығыс жақтан күліп ақ таң.
Сары даламен сарын келген,
Есіл деген – бәрін көрген,
Жас қаланың бағын көрген,
Астананың сәнін көрген.
Есіл, Есіл...есіл өзен,
Еркеле де көсіл, өзен.
Бүгінге де ертеңге де
Шежіре боп шешіл, өзен!





Пікір жазу