03.09.2022
  83


Автор: Қайрат Құлмұхаммед

ЖЫЛ ҚҰСЫНА ӨКПЕ-НАЗ

Гүл көктемде қиқулап жетесіңдер,
Қоңыр күзде тыраулап кетесіңдер.
Екі мезгіл екі үйек ермек болып,
Сендер солай өмірден өтесіңдер.
Аспанда ойнап, жеміңді жерден жейсің,
Мен көретін қыстарды сен көрмейсің.
Бойыңдағы кемдікті сезбей тұрып,
Еркелікті табиғат берген дейсің.
Күзде неге бізбен бір болмайсыңдар,
Қыста неге бізбен бір тоңбайсыңдар?
Көктем, жаздың көлдерін қорғайсыңдар,
Жыл құстары, әрине сондайсыңдар!





Пікір жазу