03.09.2022
116
ЖАБУЛЫ ОЙ
Дөнен көмбіс, құнан жуас, тай семіз,
Алшы асық аз, көп түсіпті-ау тәйкеміз.
Табиғаттың қожасымыз деп жүрміз,
Жер жойылып, күн қартайса қайтеміз?!
Ғажабы жоқ пенделердің ісінің,
Достық, жаулық, бейтараптық – үш ұғым.
Ұйқышыл боп менің баққан мысығым,
Ерке болды есіктегі күшігім.
Рас, рас, мен көрмеген кесел жоқ,
Бізді үркек етті білем, нөсерлі оқ.
Жау – жаламда ана сүтін еме алмай,
Өстім әрең жұмсақ сүйек, мешел боп.
Бақ пен сордан ауысыпты-ау кезек мың,
Келді осылай кешірмемді сөз еткім.
Кең даламда атқа мінсем өжетпін,
Зорды көрсем жаудыраған көжекпін!