03.09.2022
  69


Автор: Қайрат Құлмұхаммед

ТӨЛ ҮЙШІГІ

Жас төлдерге айтатын сөзім бардай,
Емірене қараймын көзімді алмай.
Қоңыр қозым, ақ ботам сендер үшін,
Иншалла, өзім нардай, сезім балдай.
Келеді төл үйшігін қастерлегім,
Маған бақыт қолымнан ас бергенім.
Көбейсе екен, өссе екен үйшігінде,
Шырықтары бұзылмай жас төлдерім.
Төл – ұрпақ келешектің ашты есігін,
Бұл өмірге жыр болып жатты есімің.
Төл үйшігін күзетем ұйқы көрмей,
Ол менің ақ бесігім, бақ бесігім.





Пікір жазу