meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.09.2022
  300


Автор: Қайрат Құлмұхаммед

КЕШКІ ТІЛЕК

Көп шуылдың елеместен ешбірін,
Ойға батып тұрмын үнсіз кешқұрым.
Қалдым қарап жалғыз қара ноқатқа,
Қаз екен ол сұңқылдауын естідім.
Бейуақтың көргенімде реңін,
Өшкіндеген сияқтанды нұр өңім.
Сыңар қаздан көз айырмай сонда мен,
Жалғыздықтан сақтай көр деп тіледім.





Пікір жазу