03.09.2022
77
ЫРЫМ ЕТТІМ
Өз үйімде жайнасын деп,
Көркемдіктің гүлін ектім.
Қауашағын ашып сол гүл,
Жақсылыққа ырым еттім.
Жай таныстар кездескенде,
Жылы жүзбен күліп өттің.
Гүл күлкіні шын достыққа,
Апарар, деп ырым еттім.
Түсімде иттер қамалапты,
Өлтірдім де тірі кеттім.
Үні өшіп жат пиғылдың,
Сол түсімді ырым еттім.
Бойұсынасың шарасыздан,
Үкіміне құдіреттің.
Сергелдеңді, серуенді,
Бақытыма ырым еттім!!!