03.09.2022
101
АРМАН
Арманым, сенсіз өмір жоқ па маған?
Жас жанымды сен едің ноқталаған.
Шынының түбіндегі май шамға да,
Бөбек күнде телміріп көп қарағам.
Арманым, жеткізе көр, алыс күнге,
Тірлік деген аламан жарыс мүлде.
Кірпіктерде кідіріп арман тұрар,
Жатсаң да ақырғы дем, әл үстінде.