03.09.2022
135
ОЙ
Көбелек гүлден нәр алса,
Құс сілкініп таранса.
Қараймын соған қадалып,
Ойсоқты болған адамша.
Өзен боп ойлар ағады,
Қыран боп қанат қағады.
Көшкен жұрттай көңілім,
Құлазып кейде қалады.
Азынаса күз желі,
Көңілім жазды іздеді....
Есіме түсіп кеттің-ау,
Балалық шақтың іздері....