03.09.2022
244
КҮЙ
Үңілсем тарихтың парағына,
Мың алғыс күй құдірет қазағыма.
Көз алдыма елестеп «Қайран шешем»,
Мөлдіреген жас тұнды жанарыма.
Үңілсем тарихтың парағына,
Күйге үнсіз мүлгіді дала мына.
Домбырам әлемнің бар әуендерін,
Сақтапсың-ау, шап-шағын шанағыңа.