03.09.2022
  114


Автор: Қайрат Құлмұхаммед

Жақсы өмір, жайлы күн

Жақсы өмір, жайлы күн,
Жоқ менде қайғы-мұң.
Сүйікті төрт балам–
Зор бақыт, байлығым.
Күн дидар, гүл мүсін,
Білімге үлгісің.
Өзіңмен мақтанам,
Жадыра- Тұңғышым.
Шуағым, құштар ән,
Тілеймін құт саған.
Айтқаннан қайтпайтын,
Анама ұқсаған.
Патшамен аттасым,
Нұрсұлтан – патшасың.
Өзіңді тәңірім,
Тіл-көзден сақтасын!
Тынымсыз сәбиім,
Бар Иманғалиым.
Имекең ағаңдай,
Биіктен таниын.
Аман бол, Әмин!
Адаспай ибадан,
Иманды сүй, балам,
Айналдым Алладан,
Сендерді сыйлаған.
Бұйырды бүтіндік,
Етпейін күпірлік.
Бақытты адаммын,
Аллаға шүкірлік!!!





Пікір жазу