03.09.2022
102
Сағындым деп айтпаймын мен де саған
Сағындым деп айтпаймын мен де саған,
Сағындым деп айтпайсың сен де маған.
Сыртымыз — парасатты ер мен әйел,
Ал ішіміз — ақтүтек, қар бораған.
Жо-жоқ, жаман демеймін...
Тамаша — бұл!
Ұсынбасы анық қой қараша гүл...
Сана менен сезімнің әнін айтар,
Парасат пен боранның арасы — Өмір.