03.09.2022
105
ДАУЫС
Ай, бұл өмір жағаңды қаусырар ма,
Айта берсең, арманың таусылар ма?
…Жүрегіңді мұқият тыңдап көрші,
Менің ғашық күнімнің даусы бар ма?
Жай таптырып жаныңа күндер бөтен,
Жан-жағыңда болғанмен гүлдер – мекен...
Көзіңе түсіп бір күн
менің жырым,
Кеудеңде қоламтаңды үрлер ме екен?
Былай сүріп жүргенмен күле өмірді,
Оңашада сан ару тірі егілді.
Ұмыттым деп ойларсың…
Түбі бірақ
менің даусым жылытар жүрегіңді.