03.09.2022
  71


Автор: Бауыржан Бабажанұлы

Қызыл түлкі, қырыңда бұлтыңдап ал

Қызыл түлкі, қырыңда бұлтыңдап ал,
Қылығың, күміс күлкің ырқымды алар.
Кемдікүн қызығымсың, содан кейін
Жүректе көшкен сенің жұртың қалар.
Бұл сынға тек сабырдың досы шыдар,
Алдыңнан тіршіліктің қосы шығар.
Қайтейін, қимағанмен, қинағанмен,
Дүние – жалған деген осы шығар...





Пікір жазу