03.09.2022
  104


Автор: Бауыржан Бабажанұлы

ҚАР ҚЫЗЫМЕН ҚОШТАСУ

Қайырылмай барасың ба?
Барыңа... мен сеніп өлем.
Өң мен түстің арасында,
Қош айтыстың меніменен.
Қаншама азап шектім, көкем,
Қаңтар күліп, алдады ақпан.
Әлде... еріп кеттің бе екен,
Жүрегімде жанған оттан?
Көңілдерде ой қалсын игі,
Көнем... (қайтем көнбегенде?!).
...Бетіме тырс тамшы тиді,
Жылаған кім:
Сен бе, мен бе?..





Пікір жазу