03.09.2022
133

СЕНІМ
«Байыңның қиыспайды жолы маған...».
Азғантай күн болса да көңілі алаң.
Шаруасына біржола бұрылды енді,
«Құдай бәрін көріп тұр!» — деді де анам.
Деректір — шешемізге нағашы еді,
(Әкесі әжеміздің ағасы еді...)
Ұзамай істі болып, түсіп қалды,
Тек кетпей көп адамның нала-шері.
Абақты қай ерді де арытады,
...Туысқан туыстығын танытады:
«Ұзамай үй ішіңмен қауышарсың,
Құдай бәрін көріп тұр...» — деді тағы.
Ана жыл көзтүрткі боп көрінгенге,
Жер болып көп кещеден жеңілгенде.
Үндемей, бір шаруаны қолыма алдым,
«Құдай бәрін көріп тұр!» — дедім мен де.
«Басқа амалым қалмады енді менің,
Барар жерім, сірә, анық, көр — білерім...», —
деме, түбі қайырлы болары хақ,
Құдай бәрін көріп тұр!
Сенгін, ерім!