03.09.2022
  107


Автор: Бауыржан Бабажанұлы

САҒЫНЫШ

Маңдайынан күн сүйіп,
Кекілінен жел тарап.
Көңлі көкке ұмсынып,
Қолын бұлғап шартарап.
Қызылбасты өлтірген,
Батырды әулие көретін.
Көзі көрмес кемпірге
Қисса оқып беретін.
“Батырдың жұрт мақтаған
Ісін жалғар дұрыс ер!”
Шыбық мініп... ақтабан,
“Қан майданға”кірісер.
Ертіп “ауыр қосынын
Жау қалдырмай шабатын”.
Шаршағанда досының,
Үйінде ұйықтап қалатын.
Сұрағанда бауыры,
Төгетін көп тақпақты.
Көршісінің қауыны
Көрінетін тәп-тәтті...
Ашатұғын “төл” сырын,
Қызса әкесі “тереңдеп”.
— Өй, әкеңнің... көршінің
Қызын алып берем! — деп.
Шешесі бек сүйіне,
“Қап жататын аса таң”.
Оралғанда үйіне,
Қозы баққан “қошақан”.
Күндер қайда кеулімжай?!





Пікір жазу