03.09.2022
  100


Автор: Бауыржан Бабажанұлы

АҚЫЛ

Інішек, күдер үзген бізден, сірә,
Ақылды үйден сұра, түзден сұра...
Ай, бірақ жүрегіңдей бола алмайды-ау,
Барсаң да жүз көріпкел, жүз балшыға.
Сан тарау жол сілтеген өмір мынау,
Таулар анау сипаған жонын қырау.
...Өзгенің тоны жылы болғанменен,
Өз күртең иығыңа қонымдылау.
Сан аға ініге айтқан сөзді,
менің,
Қайталар келді саған кез,
білемін:
«Өмірде бір мақсатқа жету үшін,
Әр адам тыңдау керек өз жүрегін».
— Айтты, — деме, — жұрт білер
жайды ағайым,
Көрсетер өмір бәрін айнадайын.
Жүрегін тыңдамаған адамдар көп,
Біреуі қасыңда отыр, айналайын...





Пікір жазу