03.09.2022
133
Жастықтың бір есімі — Көктем еді
Жастықтың бір есімі — Көктем еді,
Бір дәурен біздің бастан өткен еді.
Кеше ғана айрылмас дос емес пе ек,
Бұл Көктем неге сонша өкпеледі?
Мезгілімен ашылар түңлігіміз,
Бір күнінен аумайды бір күніміз.
Бұл күнде жайбарақат малын баққан,
Жаз дейтін жайлы ауылдың тұрғынымыз.