03.09.2022
  106


Автор: Бауыржан Бабажанұлы

2004 ЖЫЛ. ҚЫС. АҚТӨБЕ

Қойдан жуас келеді қонақ деген
Әйтсе де аға лебізін жаратпап ем.
Айта салған мол етті турай беріп:
“Суық қала ғой, сол Ақтөбең...”
Қалай ғана бұл сөзді тыңдайды екем,
Кез келгенге бұйырмас мұндай мекен.
“Қызық кісі... сөз қылып қайдағыны
Берген қонақасысын бұлдай ма екен?”
Іште боран, бұл күнде сыртта боран,
Тоңары хақ, іргесін мықтамаған.
Қалтырайды көңілім жел өтінде
Анау таудың етегін ықтамаған.
Бас білген тай секілді үйретіліп,
Жатағына күн жетер сүйретіліп.
“Суық қала дейді ғой, сол Ақтөбең...”
“Суық, суық...” деймін мен үйде отырып.





Пікір жазу